Түркістан қандай мәртебеге де лайықты - Бекарыс Шойбеков
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгеруі және Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы бүкіл түркі халықтары үшін ерекше жаңалық болды. Бұл өзгерістің барлығы шаһардың гүлденуіне зор үлес қосады. Мұндай пікірді Түркістан қаласының тұрғыны, белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.