Еуразия даму банкінің кеңесі Бақытжан Сағынтаевтың төраға лауазымындағы өкілеттігін ұзартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) Басқарма төрағасы Андрей Бельяниновпен кездесіп, бейнеконференция байланысы режимінде Банк кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.