Ералы Тоғжанов ҰБТ-дан ең жоғары бал алған түлектерді қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысы бойынша ҰБТ-дан ең жоғары бал алған түлектерді қабылдады. Кездесу барысында өңiр басшысы түлектерді құттықтап, жастар үшiн ең маңыздысы - білім алу екендiгiн атап айтты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.