ҚМДБ: Түркістанда мүфтияттың филиалы ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы филиалы ашылатын болды. Бұл туралы шешім бүгін Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен ҚМДБ-ның кезектен тыс Төралқа мәжілісінде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.