Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқарушы комитеті ауыр атлетика спортындағы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті. Сондай-ақ, Токио-2020 бағдарламасындағы Олимпиада ойындарында спортшылар өнер көрсететін жеті салмақ дәрежесі мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Федерацияға сілтеме жасай отырып.