Синоптиктердің 8 шілде күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 8 шілде күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін. Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.