Ел аумағындағы аптап ыстық 10 шілде күні де сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 10 шілде күні жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.