"Қазақстанға заңсыз өткен" Қытай қазағының соты басталды
Жаркент сотында "Қазақстанға заңсыз өтіп кетті" деп айыпталған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайды кері қайтару я қайтармау мәселесі қарала бастады. Туыстарының айтуынша, айыпталушы Қытайда саяси тәрбие лагерінде жұмыс істеген.