Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шақты
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан. Зиянды жәндіктен 4 адам Конго-қырым қанды безгегін жұқтырып, бір науқас көз жұмған. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.