Алматы облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округінің «Асыл арман» тұрғын үй массивінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Емдеу мекемесі бір күнде 70 адам қабылдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.