Талдықорғанның имамдары шапандарын шешіп, жүгіріп жарысты
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда тұңғыш рет мешітке жиналған жамағат арасында марафоннан жарыс ұйымдастырылып, шараға имамдар да қатысты. Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы бастаған 150-ден астам тұрғын қала көшелерімен 4 шақырымдай жерді жүгіріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.