Түркі тарихына түрен салар тың жаңалықтар табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - TWESCO-ның (Халықаралық Түркі академиясы) Керулен алқабындағы археологиялық экспедициясы түркі тарихына қатысты сенсациялық жаңалықты жария етті. Бұл туралы Ұланбатыр қаласында өткен баспасөз мәслихатында Моңғолия ұлттық музейінің директоры Д.Сүхбаатар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.