Үш ай шалғай елді мекендерді аралған медициналық пойыз Маңғыстауға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш ай бойы еліміздің шалғайдағы теміржол бекеттеріне тоқтап, елді-мекен тұрғындарына көмек көрсеткен «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.