Сәрсенбідегі ауа райы: Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, құбылмалы жауын-шашынды ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.