Түркістанда Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты ретро фестиваль өтпей қалды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты Түркістанда бүгін өтуі тиіс ретро-фестивалі кейінге қалдырылды. Ұлт қайраткерінің қазасына байланысты аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.