Билетсіз жолаушыларды тасымалдаған 8 поезд бастығы жұмыстан қуылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның лауазымды қызметкерлері сапар барысындағы 7 мыңға тарта пойызды тексерген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.