Жамбыл облысында 15 білім беру ұйымының лицензиясы уақытша тоқтатылды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 15 білім беру ұйымының лицензиясы 6 айға тоқтатылды. Бұл туралы дүйсенбі күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақтың Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Үскімбаева мәлімдеді. Сондай-ақ ол білім саласындағы заң талаптарының орындалуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Jambyl» телеарнасына сілтеме жасап.