Сағынтаев Жамбыл облысының монополистерімен тарифтік саясаттың ашықтығын талқылады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің Жамбыл облысына жұмыс сапарының басты мақсаттарының бірі өңірдің монополистерімен және коммуналдық кәсіпорындарымен тарифтік саясаттың ашықтығы мәселелерін талқылап, Елбасының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында тарифтерді төмендету бойынша қабылданған шараларды қарау болды. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.