Астанада тіл нормасын бұзған мыңға жуық жарнама алынып тасталынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда көшелерінен тіл нормаларына қайшы келетін және уәкілетті органмен келіспеген 1 мыңға жуық жарнама алып тасталды. Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркеп ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.