Түлкібас ауданында суармалы жердің көлемі ұлғайып келеді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылық өнімінің көлемін өсіру үшін суармалы жердің аумағы ұлғайып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.