«Астана Операның» хор ұжымы Новосібірде өнер көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының хоры Ресейдің Новосібір академиялық опера және балет театрының Зак Исидор атындағы зал сахнасында керемет концерттік бағдарлама ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Новосібір академиялық опера және балет театрының оркестрі мен «Астана Опера» хорына елордалық театрдың бас хормейстері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов дирижерлік етеді.