Семейлік оқушылар жел генераторының жаңа түрін ойлап тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Мұхаммедәлі Ибрагим және Нұржан Бөдес, инновациялық жел генераторының жаңа құрылымын жасап шықты. Ерекшелігі сол, тың қондырғы электр қуатын артығымен өндіруге қауқарлы әрі қоршаған ортаға зиянын тигізбейді, деп хабарлайды Алтайньюс.