Роза Рымбаева
Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семейде теміржолшы отбасында туған. Ол әрдайым әсем және зор даусымен тыңдаушыларының сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Жеңістің 30 жылдығына арналған республикалық байқауда Роза «Әлия» әнімен зор табысқа қол жеткізді.