Ақтөбеде түрме қызметкері жазасын өтеушіден 1 миллион теңге алғаны үшін сотталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі КА 168/2 түзету мекемесі бастығының орынбасары Н.Рақымжанға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол жазасын өтеп жатқан адамнан 1 миллион теңге алғанын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.