Ел өңірлерінде көктайғақ, бұрқасын мен екпінді жел сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қаңтар күні Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашынмен өтетін құбылмалы күн райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.