Шымкентте оқушыны өзін өзі өлтіруге дейін жеткізген жасөспірім сотталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің Қайнарбұлақ елдімекенінде мектеп оқушысын өзін өзі өлтіруге дейін жеткізген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Түркістан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасына толмаған айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.