Скальпельмен ойылған суреттер
Өнер туындысын жасау үшін әрдайым қымбат құралдар қажет емес. 25 жылдан астам уақыт бойы жапондық суретші Масайо Фукуда шығармашылық үшін тек скальпельді, ойып алуға арналған кілемшені, және қол шамды қолданып келеді. Суретші Кири Кен («Cutting Sword») деген атпен белгілі, кириэ техникасында жұмыс істейді. Бұл дәстүрлі жапон өнерінің түрі. Суретші А2 парағынан 2 ай уақыт ойған сегізаяқты ең жақсы жұмысы деп санайды.