Астанада баланың құдыққа құлап, мерт болуы: Әкім жауапты тұлғаларға сөгіс жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінде қала басшысы Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Оның барысында елорда әкімі жақында оқушы баланың кәріз құдығына құлап, мерт болуына байланысты уәкілетті тұлғаларға қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.