Жастардың дінге көзқарасы
Жастар — біздің қоғамымыздың бір бөлшегі, ұрпағымыздың жалғасы. Жастардың тәрбиелі, салиқалы болуы ең алдымен отбасылық тәрбиеден басталады. Қазіргі таңда көптеген жастар дінге бет бұрып жатыр. Егер дінді дәстүрлі бағытта ұстанса нұр үстіне нұр болар еді. Пайғамбарымыз (с.а.у) «дін деген не?», — деген сұраққа «дін — көркем мінез», — деп жауап берген.