Эйнштейн физиканы қалай оқыған еді
Уолтер Айзексен жазып шыққан Альберт Эйнштейннің ғұмырнамасы ұлы физиктің интеллектуалдық жетістіктерін ғана емес, сондай-ақ оның жетістіктеріне жанама қатысы бар жайларды да: атақ-даңқын, соғысқа қарсы қам-қарекетін, отбасы ошақ қасындағы қиындықтарын да қамтиды. Алайда, ең қызықты мәлімет Эйнштейннің қалай оқығаны жөнінде айтылатын жеріне қатысты.
Эйнштейн қаншалықты ақылды болды?
Оның математика/физиканы «үшке» біліп, математика мектебін бітіре алмағаны Эйнштейн жайында ең көп айтылатын әңгімелердің бірі. Бұл расында болғаны-болмағанына қарамастан, аңызға айналып кететін қауесет тарихтардың бірі.
Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Эйнштейн кішкентай кезінен бастап-ақ математикаға өте жетік болған. Эйнштейннің өзі «Мен математикадан ешқашан құлап көрген емеспін. Он бес жасқа дейін дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді игеріп...