Дүкен сөрелеріндегі торттардан ішек таяқшасы табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті бірнеше азық-түлік құрамынан зиянды ішек таяқшаларын тауып, тұрғындарға аталған тауарларды сатып алмау керектігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.