Қалыңдық
Түркпен досым Дүрді сен, Айтшы білсең (білгіш ең) Жау болмаған біздің халық дос болған, Қонақасы жеген талай қостардан,
(Асыл әжем ЖИДЕГЕ ескерткіш)
Сөз басы
Түркпен досым Дүрді сен,
Айтшы білсең (білгіш ең)
Жау болмаған біздің халық дос болған,
Қонақасы жеген талай қостардан,
Аяқ-қолға түскен біздің бір кісен.
Түсіміз бір күн аптабы қақтаған,
Ісіміз бір тұлпар ұстап баптаған.
Даламыз біз — кең кесілген иенбіз,
Бірімізге нағашымыз, жиенбіз.
Айдап салса аттан салдық тек қана.
Сөз сөйлетіп обаларды тыңдатса,
Шертер еді-ау небір сырды қымбат сан...
Аңқау, адал қос халықтың арасын,
От салумен қансыратты жарасын,
Хорезм шах,
Бұхар ханы,
Сұм патша.
Досым Дүрді, көптен көрмей аңсаған, Зерттелместен жатыр тарих қаншама?! Бабалардың достығының куәсі,
Бір әңгіме айтып берем мен саған.
Тыңда досым, қажет...