Сәрсенбі күнге ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман сақталады. Оңтүстікте жел жылдамдығының артуы, найзағай және бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.