“Жақында көрісеміз!”. Головкин жанкүйерлеріне сөзін жолдады
Кеше 37 жасқа толған орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) барлық жанкүйеріне құттықтаулар үшін алғысын білдірді. “Құттықтаулар үшін барлығыңызға рахмет! Үнемі қолдау көрсетіп жүретін жанкүйерлеріме алғысымды білдірем. Жақында көрісеміз!”, – деп жазыпты Головкин Instagram желісінде. Головкиннің рингке оралуы 8 маусымға жоспарланған. Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында, аралық салмақ – 164 фунтта (шамамен […]
Сообщение “Жақында көрісеміз!”. Головкин жанкүйерлеріне сөзін жолдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.
Кеше 37 жасқа толған орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) барлық жанкүйеріне құттықтаулар үшін алғысын білдірді.
“Құттықтаулар үшін барлығыңызға рахмет! Үнемі қолдау көрсетіп жүретін жанкүйерлеріме алғысымды білдірем. Жақында көрісеміз!”, – деп жазыпты Головкин Instagram желісінде.
Головкиннің рингке оралуы 8 маусымға жоспарланған. Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында, аралық салмақ – 164 фунтта (шамамен 74,5 келі) өтеді, бұл орта дивизион лимитінен төрт фунт артық. Қарсылас әзірге белгісіз.
Дереккөз: Vesti.kz
Сообщение “Жақында көрісеміз!”. Головкин жанкүйерлеріне сөзін жолдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.