FIS маманы Щучинскідегі шаңғы трамплиндерін тексеруден өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) инспекторы, шаңғымен тұғырдан секіруден Құрлықтық Кубоктің үйлестірушісі Хорст Тильманн жұмыс сапарымен Щучинск қаласына келді, деп хабарлайды Olympic.kz.