Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің ісі сотқа берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының прокуратурасы экс-премьер-министр Серік Ахметовке қатысты қызмет бабын асыра пайдалануға, бюджет қаражатын ұрлауға және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты айыптау бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады.