Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан территориясының бүкіл аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батыс бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерінде жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі.