Елбасы: Ұлттық банк екі жылда теңге бағамын ұстап тұруға 28 млрд. доллар шығындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк 2014-2015 жылдары теңге бағамын ұстап тұруға 28 млрд. доллар шығындады. Бүгін Ақордада негізгі экспорттаушы компаниялар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.