ДЕНСАУЛЫҚ: Қанша сағат ұйықтаған адам денсаулығына пайдалы?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның өзін жақсы сезінуі үшін тәулігіне кем дегенде жеті жарым сағат ұйықтауы керек. Ұйқының аздығы күйзеліс, сусақ (қант диабеті), жүрек-қантамыр аурулары мен жазатайым оқиғалардың тууына себеп болады. Лидс Университетінің психологтары 18 бен 80 жас аралығындағы 1024 британдық азаматтың арасында сұрау жүргізіп, жаңа тұжырым жасады, деп хабарлайды The Daily Mail.