«Келін» «Хабар» телеарнасында өтетін Ермек Тұрсынов фильмдерінің апталығын бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қараша мен 20 желтоқсан аралығында «Хабар» телеарнасынан танымал сценарист және кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың фильмдері көрсетіледі. Сіздер үшін жексенбі күндері - бес шығармашылық кеш, бес кинолента және киногерлермен кездесу болады, деп хабарлады 24.kz.