Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада елімізде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Мәселен, Ақтөбе облысы әкімінің екі жаңа орынбасары тағайындалса, өңірлерде мұнан да өзге кадрлық ауыс-түйіс орын алып, «Нұр банктің» жаңа басшысы қызметіне кірісті. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.