Жамбыл облысында Қаратау қаласында 250 орындық емхана салынып жатыр
АСТАНА-ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қаратау қаласында 250 адамға арналған аудандық емхана бой көтеруде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифинг барысында Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі Болат Рысмендиев мәлімдеді.