Алматыда «Таңжарық оқулары» өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 19 сәуірде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында «Осы таң кімнің таңы?» атты дәстүрлі Таңжарық оқулары өтеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілетін шара Алаш ұранды әдебиеттің белді өкілі, ұлт қайраткері, ақын-ағартушы Таңжарық Жолдыұлының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кең көлемде насихаттауды мақсат етеді, деп хабарлады осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.