Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer


Апрель
2016

Новости за 21.04.2016

Казинформ 

2015 жылы қаржы бұзушылықтың жалпы сомасы 232 млрд теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы қаржы бұзушылықтың жалпы сомасы 232 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін  «Нұр Отан» партиясы Мәжілістегі Фракциясының кеңейтілген отырысында мәлім болды. Фракция отырысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды іске асырудың жаңа тәсілдері мәселелері талқыланған болатын.

Казинформ 

Мамыр айынан бастап Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр қолданыла бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап пациенттер мен дәрігерлер үшін еркін қолданыстағы тегін электронды Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қолданысқа енгізеді. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой мәлім етті.

Казинформ 

Қазақстанда бюджетті алдын ала бағалау 2017 жылдан бастап енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде бюджетті алдын ала бағалау 2017 жылдан бастап енгізіледі. Бүгін  «Нұр Отан» партиясы Мәжілістегі Фракциясының кеңейтілген отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин осылай мәлім етті. Фракция отырысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды іске асырудың жаңа тәсілдері мәселелері талқыланған болатын.

Казинформ 

Шымкент дәрігерлері 103 жастағы қарияны аман алып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте инфаркт алған 103 жастағы қарт кісінің өмірін дәрігелер аман сақтап қалды. Жүрек талмасына ұшыраған Айша Дайрабековаға ангиохирург Асқар Рахматалиев 15 минуттың ішінде операция жасады, деп жазады otyrar.kz.

Казинформ 

Елордада экологиялық патруль өз жұмысын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада экологиялық патруль қызметі өз жұмысын бастады, оның құрамына 50 студент пен табиғат қорғау полициясының 25 өкілі енді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөзы қызметінен.

Казинформ 

Мемлекеттік аудит туралы заң ТМД елдері арасында Қазақстанда алғаш рет іске асып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін  «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі Фракциясының кеңейтілген жиналысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды іске асырудың жаңа тәсілдері мәселелері талқыланды.

Казинформ 

Астанада автовокзалда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Сапаржай» автовокзалы ғимаратында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Бұл - биыл өткізіліп отырған осындай үшінші шара. Сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін жұмыссыз жүрген астаналықтар әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қайта даярлаудан өту және жаңа мамандықты меңгеру туралы ақпарат алды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Елбасы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  астық қолхаттары айналымының тәсілдерін өзгертуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Казинформ 

Елбасы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Казинформ 

Алматыда құбырдың жарылуынан келген шығын есептеліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда құбыр жарылып, ыстық судың буынан жол көрінбей қалды. Атап  айтқанда, Абылай хан және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы құбыр жарылып, жолдың бетон қабаты тас-талқан болды.

Казинформ 

Қызылордада аралас жекпе-жектен халықаралық турнир басталады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 23 сәуір күні Қызылордада «Еуразия» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен «ЖАУЖҮРЕК АЛАШ ҰРПАҒЫ» халықаралық турнирі өтеді. Биылғы жылы үшінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Қазақстан  құрама командасының спортшыларымен қатар, Ресей, Грекия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан  жекпе-жек өнерінің шеберлері бақ сынасады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Казинформ 

Таразда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облыстық көрме залында «Тамаша әлем!» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттерінің картиналары мен өнер туындылары қойылған. Бұл туралы ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі хабарлады.

Казинформ 

Елордалық дәрігерлерге арналған тренингтер өткізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының базасында Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық медициналық зерттеу университетінің балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия бөлімінің профессоры доктор Уго Лоайса Левано бірнеше күн бойы балалар анестезиологтары, реаниматологтар, қарқынды терапия бөлімінің дәрігерлері мен медбикелеріне, балалар инфекционисттеріне арналған шеберлік дәрісін өткізді, деп хабарлады. astana.gov.kz.

Казинформ 

Ең үздік тележүргізушіге байқау жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Қазақстан» РТРК» АҚ алдағы келе жатқан Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, үздік тележүргізушілер арасында байқау жариялады.

Казинформ 

Қазақстан туберкулезге қарсы күресте Орталық Азия өңірінде көш басында келеді - С. Уолтер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан туберкулезге қарсы күресте бүкіл Орталық Азия өңірінде көш басында келеді. Сол үшін, Қазақстан әлем бойынша санаулы елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып, соңғы 50 жылға жуық уақыт ішінде тұңғыш рет емдеуге рұқсат етілген жаңа препаратқа қол жеткізді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-тың халықаралық даму бойынша агенттігінің (USAID) Орталық Азиядағы өңірлік директорының орынбасары Сара Уолтер ханым мәлім етті.

Казинформ 

Қазақстан ұзақ жылдар бойы әлемдік процестерден тыс өмір сүретіндей ойлады - Е.Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің бір кемшілігіміз - ұзақ жылдар бойы әлемдік процестердің шетінде өмір сүретіндей ойлап келдік, - дейді бүгін ХІІІ Еуразиялық медиа форум аясында журналистерге пікірін жеткізген белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин.

Казинформ 

Астанада Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ынтымақтастыққа қол қойылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.




Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *