Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға шақырды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына сапары барысында өңірдің бұрынғы елдегі қызылша шаруашылығындағы жетекшілік рөлін қайта жаңғырту бойынша жүргізілген ауқымды жұмыс барысымен танысты.