Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer


Декабрь
2016

Новости за 28.12.2016

Казинформ 

Алматы облысында 300 орындық жаңа мектеп ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарасай ауданы, Үштерек ауылында жаңадан 300 орындық мектеп ашылды. Бұл білім мекемесі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып, оның құрылысына Ұлттық қор мен жергілікті бюджеттен 897 млн теңге бөлінді. Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов пен аудан әкімі Махаббат Бигелдиев қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Павлодарлық мұрағатшылар жаңа ғимаратқа көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қалалық мұрағаты жаңа ғимаратқа көшті. Мұрағатшыларды жаңа қоныстарымен құттықтауға облыс әкімі Болат Бақауов келді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Маңғыстау облысында шалғай ауылдарға газ келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау ауданында «Шөлтөбе-Ұштаған-Басқұдық-Жарма» газ құбыры іске қосылып, Ұштаған, Басқұдық және Жарма ауыл тұрғындарының үйінде көгілдір отын пайда болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Батысқазақстандық ғалым ЖОО-ның үздік оқытушысы атанды


ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті машина жасау факультетінің кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Нұргүл Әділова 2016 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының грант иегері атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Бейсенбіде еліміздің көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, республиканың оңтүстік-шығысында тау және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Казинформ 

ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардағы бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Казинформ 

Непалда пілдер шабуыл жасаған елді мекенге әскерилерді шақыруға тура келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдың оңтүстік-батысында пілдердің шабуылынан кемінде бір адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды АР. Оқиға Прасени елді мекенінде орын алды.

Казинформ 

Астанада 2017 жылдан бастап ақылы көлік тұрағы енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2017 жылдан бастап ақылы көлік тұрағы енгізіледі. Тұраққа көлік қою құны 100 теңге болып белгіленбек.  Бұл туралы adilet.zan.kz сайтында жарияланған «Астанада көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда тарифті белгілеу туралы» қаулысында жазылған.

Казинформ 

Джейкобс Головкинмен айқасқа дайындық жаттығуларын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Джейкобс Головкинмен айқасқа дайындық жаттығуларын бастады. Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) WBA, IBF, WBC чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) өтетін жекпе-жекке дайындықты бастады. 

Казинформ 

Қайрат Әбдірахманов ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстан  Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Казинформ 

Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Режиссер Талғат Жәнібеков ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі режиссер Талғат Жәнібековті ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі адвокат Серік Айтбаевқа сілтеме жасап.

Казинформ 

«Қазинвестбанк» салымшыларына 768 млн. теңге өтемақы төленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «Қазинвестбанк» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды,  бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыруға байланысты БАҚ-тан түскен сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Үндістандық кедей әйел банктік шотына түскен миллиард рупийден құтыла алмай отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Мератх қаласының тұрғыны премьер-министр Нарендру Модидан, қателік салдарынан өзінің  банктік шотына түскен миллиард рупий ақшаны не істейтініне кеңес беруін сұрады. 

Казинформ 

Акция жеңімпазына автомобиль кілті тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде ведомство төрағасы Ардақ Теңгебаев «Чекті талап ет  сыйлықты ұтып ал!» акциясының жеңімпазы Равиль Хайрулинге автомобильдің кілтін тапсырды. 

Казинформ 

Дариға Назарбаева халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарымен кездесті

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары - халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті.

Казинформ 

Темір жолда болған апаттан кейін 250 жолаушыға билеттер құны қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ақмола облысында Бабатай стансысында вагондар жолдан шығып кеткен оқиғадан кейін 250 жолаушыға билеттердің ақшасы кері қайтарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *