Бізге Қазақстаннан Еуропаға барған бауырларымызбен тіл табысу қиындау - Швеция қазағы Махмұт Сарбас
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция еліндегі Қазақ мәдениет орталығын 18 жылдай басқарған қандасымыз Махмұт Сарбастың Астанаға келген сапарында сұхбаттасудың сәті түсті. Ол әлемнің 100 елінде 150 мыңға жуық филиалы бар, электротехника, энергетика және ақпараттық технологиялар саласына маманданған шведтік әйгілі АВВ компаниясында 30 жыл инженер болып қызмет атқарған.