Қ.Тоқаев Гвинея Президентімен парламентаралық байланыстарды нығайту мәселесін сөз етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым мен техника саласындағы алғашқы саммитіне қатысу үшін келген Гвинея Президенті, Африкалық Одақ басшысы Альфа Кондемен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.