Ауған соғысының ардагерлері отансүйгіштік тәрбиені насихаттамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Ауған соғысы ардагерлерін отансүйгіштік тәрбиені насихаттау, жастар арасындағы радикалдық көріністердің алдын алуда бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Бұл туралы бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Алматы қаласында өткен «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері ассоциациясының V есеп беру-сайлау съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің баспсөз қызметі.