«Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» кітабы қытай тілінде жарық көрді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 6 қарашада Қытайдың мемлекеттік резиденциясы «Дяоюйтайда» қытай тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі.